Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды
Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды
177
оқылды

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы резиденциясында еліміздің қаржы секторының өкілдерімен кездесу өткізеді. Президент бірқатар әлеуметтік, білім беру мекемелерін және басқа да нысандарды аралап көреді.

Сондай-ақ қаладағы жылу электр орталықтарының біріне жүргізіліп жатқан қайта жөндеу жұмысының барысымен танысады деп жоспарланып отыр.