Желтоқсанда аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 11 күн демалады.
Атап айтқанда, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні сәрсенбі күні демалады.Биыл Тәуелсіздік күні 16 және 17 желтоқсан бейсенбі мен жұмаға сәйкес келеді. 18-19 желтоқсан сенбі-жексенбі болғандықтан, 4 күн қатарынан демалыс болмақ.31 желтоқсан жұмаға сәйкес келеді. Бұл күн – ресми түрде жұмыс күні.
Жаңа жылда, яғни 2022 жылдың 1-4 қаңтары аралығында төрт күн демалыс болады. 7 қаңтар – Рождество мерекесі жұмаға сәйкес келеді.