Қазақстандық кинорежиссер, «Қазақфильм» АҚ президенті Ақан Сатаев сыбайлас жемқорлар туралы бейнеролик түсірді.
Жаңа роликтің режиссері қалыптасқан дәстүрді өзгертпей, жаңа бейнероликті ұялы телефон камерасына түсірді. Жанр өзгеріссіз қалды, бірақ «Ұстағыш» атты жаңа кейіпкер пайда болды. «Алғыштар мен бергіштер» және «Алғыштар мен жалпылдағыштар» туралы бұрын түсірілген бейнероликтер әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырғаны белгілі. Сонымен, жаңа кейіпкер де көрермендер арасында тез танымалдық пен даңққа ие болды. «Кезекті роликпен сыбайлас жемқорлық мәселесіне назар аударып, оған мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға және азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын нығайтуға өз үлесімізді қосқымыз келеді», – деп атап өтті Ақан Сатаев өзінің Instagram парақшасында. «Жануарлар әлемінде» бағдарламасы стиліндегі әзіл-сықақ әлеуметтік роликтің келесі сериясының жаңа кейіпкері кім болатыны қызықты. https://youtu.be/ll8cWQTeQYI Бұл роликтер Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қолдауымен дайындалған.