Елордада «Еуропалық» тұрғын үй кешенінің тұрғындары эвакуацияланып жатыр
Елордада «Еуропалық» тұрғын үй кешенінің тұрғындары эвакуацияланып жатыр
© tengrinews.kz
247
оқылды
Елордада «Еуропалық» тұрғын үй кешенінің тұрғындары эвакуациялануда, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.
«19 қараша күні сағат 15.29-да Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаметінің өрт сөндіру бөлімшесі Боталы көшесі, 26 мекенжайдағы өрт туралы хабарлама алып, оқиға орнына аттанды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минуттың ішінде жетіп, 18 қабатты «Еуропалық» тұрғын үй кешенінің №1 кіреберісіндегі 10 мен 14 қабат аралығында электр кабельдері тартылған шахтаның жанып жатқанын анықтады», - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта аталған тұрғын үй тұрғындарын қауіпсіз жерге шығару іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Өрттің алдын алуға Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 22 маманы мен 6 техникасы жұмылдырылған.