40 мыңға жуық қазақстандық "оливье" салатын жей алмауы мүмкін

40 мыңға жуық қазақстандық "оливье" салатын жей алмауы мүмкін

Жаңа жылға 40 күндей қалды. Бұл мереке көпшілік үшін дастархан басында отбасымен, достарымен жиналу үрдісімен есте қалады. Ал ондағы дәстүрлі тағамның бірі - оливье салаты. Aikyn.kz салаттың қалай дайындалатынын емес, оған қосылатын азық-түлік өінмдерінің бағасын салыстырды.

Байқасаңыз, 10 жыл бұрын шұжықтың келісі 1009 теңге болса, қазір 2136 теңге. Сонда шұжықтың құны 10 жылда 52%-ға қымбаттаған. Сәбіздің де бағасы 10 жылда 51%-ке өскен. Жасыл бұршақтың да құны 10 жылда 52,2%-ке қымбаттаған. 4 адамға арналған салат дайындау үшін 500 гр картоп, 200 гр сәбіз, 4 дана жұмыртқа, 300 гр шұжық, 380 гр жасыл бұршақ, 100 гр пияз, 200 гр майонез қажет болады. Оған биыл қазақстандықтар 1539,1 теңге жұмсайды. Ал 5 жыл бұрын 1097 тг, 10 жыл бұрын 699,47 теңге жұмсады. Айта кетейік, Қазақстан тұрғындары биыл да табысының жартысын тек азық-түлікке жұмсаған. Ел азаматтарының азық-түлікке жұмсайтын шығыны кейінгі бес жылдан бері өсіп келеді. Оған бірден бір себеп – азық-түлік бағасының өсуі. Оған біз мысал етіп көрсеткен, оливье салатының құрамындағы өнімдердің бағасы дәлел бола алады. Айта кетейік, биыл II тоқсанында қазақстандықтар табысының 51,4%-ын азық-түлікке жұмсаған. Сонымен бірге халықтың 0,2%-інің (38 мың адам) табысы азық-түлік қоржынының құнына жетпейді. Ал елдегі кедейлердің үлесі 1 миллионға жуықтады. Демек Қазақстандағы табысы азық-түлік қоржынына жетпейтін 38 мың адамды есепке алсақ, олардың биыл да жаңа жылда "оливье" салатын жеу-жемеуі екіталай болып отыр.