Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов Aikyn.kz сайтына берген сұхбатында Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) мен франциялық Хассан Н'Жикам (38-5, 21 КО) арасындағы жекпе-жекте кім жеңетінін айтты.
– Жәнібек Әлімханұлы жоғары дивизионда жұдырықтаса алатын боксшы. Ол Канело Сауль Альвареске қарсы шыға алатын боксшы. Айқын басымдылықпен жеңеді. 4-5 раундқа дейін апарар, ары қарай нокаутқа түсіруі мүмкін, – дейді Ермахан Ибраимов.
Айта кетейік, орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен Франциядан шыққан бұрынғы әлем чемпионы Хассан Н'Дам Н'Жикам алдағы жексенбіде Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өтетін бокс кешінде жекпе-жекке шығады.