5 өңірде ескерту жарияланды
5 өңірде ескерту жарияланды
Фото: Mordovmedia.ru
451
оқылды
"Қазгидромет" РМК 20 қарашада еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. 20 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде тұман сақталады. Солтүстік Қазақстан облысында түнде өңірдің оңтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысының батысында тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан, жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Ақмола облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында және солтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.