Түркістан облысында ағын судан жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Түркістан облысында ағын судан жаңа туған нәрестенің денесі табылды
© caspianlife.kz

Түркістан облысы Сайрам аудандық полиция бөліміне ағын судан жаңа туған нәрестенің денесі табылғаны туралы ақпарат түскен, - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті. 

Полицейлер оқиға орнына дереу жеткен. Жақын маңдағы аумақты тексеріп, куәгерлермен сұхбат жүргізді. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бір тәулік ішінде күдіктінің – шақалақтың анасының жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 100-бабы «Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі» бойынша тіркеді. Сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады.

 

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.