Ақтау әуежайында авиотынды заңсыз сатқандар ұсталды
Ақтау әуежайында авиотынды заңсыз сатқандар ұсталды
Ақтау әуежайының қызметкерлері авиациялық отынды ұрлау кезінде қолға түсті. Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері "Ақтау халықаралық әуежайы" қызметкері А.Әбдікамаловты авиациялық отынды заңсыз сату әрекеті кезінде ұстады. https://www.youtube.com/watch?v=OyeZeGg-rPE&feature=emb_title "Тергеу барысында олардың әуежайдың жанар-жағармай қоймасының бастығы М.Чабаевпен бірлесіп авиажағармайды (керосин) ұрлауды ұйымдастырғаны анықталды. Артынша олар керосиннің литрін 120 теңгеден сатқан. Дилерлер жанар-жағармайды араластырған. Мотор майын қосып, үшінші тұлғаларға литрін 150-160 теңгеге сатып, барлығы 63 мың литрден астам авиациялық жанармай ұрланған" делінген хабарламада.