ЕАЭО елдерінен де несие алатын болдық
ЕАЭО елдерінен де  несие алатын болдық
165
оқылды
ЕАЭО елдерінің азаматтары одаққа енетін өзге мемлекетте де кредит рәсімдей ала­тын болады. Бұл туралы Еуразиялық үкімет­аралық кеңес отырысында Ресей­дің премьер-министрі Михаил Мишустин айтты. «Қаржылық нарықты жақын­дас­тыру бағытында батыл қадамдар іске асырылып жатыр. Отырыста мәліметтер алмасу тәртібі туралы келісімге қол қойылды. «Бестік» өкілдері одақ көлемінде займ алу бойынша тең құқыққа ие болады. Сонымен қатар банктер клиенттің кредиттік тарихын жеке куәлігінің өзге елдікі болғанына қарамастан тексере алады және кредит туралы шешім шығарады», – деді ол.

Е. БОЛАТҰЛЫ