Миллиард теңгедей салықтан жалтарған
Миллиард теңгедей  салықтан жалтарған
99
оқылды
Қаржы мониторингі агент­тігінің баспасөз қыз­меті елорда тұрғынының жалған шот жазып, мемлекетке 900 миллион теңге көлемінде залал келтіргенін мәлімдеді. Нақты айтқанда, Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Эко­номикалық тергеп-тексеру департаменті жалған бухгалтерлік құжаттарды жазу дерегі бойынша «АйДи Строй 2030» ЖШС директорына қатысты қыл­мыс­тық істі аяқтады. «Тергеу барысында Д.Құр­ман­ғожинованың 2017-2018 жылдар аралығында серіктестік атынан түрлі компаниямен жалған мәмі­ле­лер жасағаны анықталды. Со­ның салдарынан мемлекетке тө­лен­беген салық түрінде 900 миллион теңгеден астам сомаға залал келтірілді» делінген хабарламада. Сол себепті ол 3,5 жылға бас бос­тандығынан айырылды.

Ғали ТӨЛЕК