Ресейлік би академиясы қазақстандық жас дарындарды оқуға тегін қабылдайды
Ресейлік би академиясы қазақстандық жас дарындарды оқуға тегін қабылдайды
Сурет: depositphotos.com
365
оқылды

Жас қазақстандықтардың Ресейдің үздік би училищесінде оқу мүмкіндігі бар. Бұл үшін Санкт-Петербургтегі Борис Эйфман атындағы би академиясының ұстаздары арнайы Қазақстанға келеді, – деп хабарлайды Informburo.kz сайты. 

Ресейдегі Борис Эйфман хореография училищесі – балаларды 8 жастан бастап қабылдайтын жалғыз орда. Онда оқитын балалар Санкт-Петербургтегі мемлекеттік Борис Эйфман атындағы академиялық балет театрының сахнасында ғана емес, Мариинский, Михайловский және Александринский театрларында өнер көрсете алады. Барлық ТМД елдерінен келген тәрбиеленушілерге интернаттан орын мен тамақ тегін беріледі. Мамандардың көңілінен шыққан балалар Санкт-Петербург қаласында өтетін емтиханға ұсынымхат алады немесе бір апта тегін тағылымдамадан өтеді. Мамандар жас таланттардың өнерін 2021 жылдың 21 қарашасында сағат 14:00-де тамашалайды. Мекенжайы: Гагарин көшесі, 309, "Комфорт" тұрғын үй кешеніндегі "Балетики" студиясы.