iPhone +18 суреттерді көрмек болған балалардың ата-анасына хабарлама жібереді
iPhone +18 суреттерді көрмек болған балалардың ата-анасына хабарлама жібереді
©А.Ахметқазы

Apple компаниясы iOS жүйесінің жаңартылғанын және бұдан былай құрылғыларының балалар үшін қауіпсіз бола түскенін хабарлады. Бұл туралы Informburo.kz сайты жазды.

"iOS 15.2-де иесінің iPhone немесе iPad арқылы жалаңаштанған адамның суреттерін алғанын немесе біреуге жібергенін білуге болады. Бұл өзгеріс балаларды қаскүнемдерден қорғауға көмектеседі" делінген хабарламада.
Apple тамыз айында iPhone Messages қосымшасын жалаңаштанған адамдардың суретін анықтау үшін жаңартатынын мәлімдеген болатын. Жуырда Developer Beta 2-де iOS 15.2 қосылды. Messages қосымшасына жалаңаштанған адамның суреті келсе, балаға блюрленген күйде көрсетіледі. Егер суреттің түпнұсқасын көруге тырысса, "Сенімдісіз бе?" деген сұрақ қойылады. Бала суретті көрген жағдайда, ата-анасына хабарлама барады. Сондай-ақ, бала өзге бір адамға жалаңаштанған адамның суретін жібермек болса да, ата-анасына хабарлама барады. Бастапқыда телефонда бұл қызмет өшіп тұрады. Оны бала мен ата-ана өз қалауынша қоса алады.