Алматы облысында «Үшарал-Достық» тас жолы көліктің барлық түріне шығуға жабық, – деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
"Алматы облысында 20 қараша күні сағат 14:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жол көрінуінің нашарлауы) "Үшарал-Достық" автожолының 83-184 шақырымында, атап айтқанда, Көктұма мен Достық станцияларының арасындағы учаскеде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді" делінген хабарламада.ТЖД азаматтардан аталған бағыттағы сапардан бас тартуды және 112 қызметі беретін хабарламаны елеусіз қалдырмауды сұрайды.