Ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
Ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
Фото: Liter.kz
Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады. Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, тұман түседі, көктайғақ күтіледі. Қостанай облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. 21 қарашада Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жел оңтүстік-шығыстан 15-20, екпіні 23 м/с соғады. Ақмола облысының батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 21 қарашада күндіз Түркістан облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 21 қарашада күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. 21 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. 21 қарашада Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.