Елордада өзін полицей деп таныстырып, адамдарды алдап, ақшасын алған жігіт ұсталды. Қалалық Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері 26 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тумасын ұстады. Ол екі ай бойы азаматтарды алдап, өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, ақшасын алған. Оның бір әйелден 300 мың теңге алып, қалтасына басқаны анықталды. Әйелдің жеңіл жүрісті екенін білген соң оған телефон шалып, айыппұл саламын деп қорқытып, ақшаны өз есепшотына аударуды талап еткен. Қазір күдікті изоляторға қамауға алынған, оның тағы осындай 3 алаяқтық қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Күдіктіден зардап шеккен басқа да азаматтар болса, 102 нөміріне немесе +7 (7172) 71-65-18, 71-56-23 телефондарына хабарласуына болады.