Оралда белгісіз біреу көлік өртеп жіберген
Оралда белгісіз біреу көлік өртеп жіберген
Фото: stihi.ru
Оқиға 20 қараша күні сағат 04.19-да Н.Назарбаев даңғылы, 235/1-үйдің ауласында болған. Машинаның мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Автокөлік иесі, келтірілген шығын анықталу үстінде. «Тілсіз жау» сағат 04.42-де оқшауланып, 04.53-те ауыздықталды. Алдын-ала болжам бойынша, автокөлікті біреу өртеген. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға орнына полиция қызметкерлерінің де барғанын, автокөліктің арнайы тұраққа қойылғанын жеткізді.