Жан Кособуцкий қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді
Жан Кособуцкий қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді
Сурет: Universum_Boxing
175
оқылды

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий доминиканалық Алексис Гарсиядан басым түсті. 

Шаршы алаңдағы жекпе-жек он раундқа есептелген болатын. Алайда төртінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді, ал бесіншісінде техникалық нокаутпен жеңді. WBA International титулына ие Кособуцкий осы айқаста WBC International Silver белбеуін де иеленді.