Нидерландтың Роттердам қаласында COVID-19-ға байланысты шектеу шараларына қарсы наразылықтар нәтижесінде үш адам атылған оқтан жараланды. Полицейлер атыс неден басталғанын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нидерландыдағы наразылық шаралары ел премьер-министрінің міндетін атқарушы Марк Рюттенің билік 4 желтоқсанға дейін коронавирустың таралуына қарсы тұру үшін бірқатар шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдағаны туралы мәлімдемесінен кейін басталды. Атап айтқанда, спорттық шаралар көрерменсіз өтеді, дүкендер, дәріханалар 20.00-ге дейін жұмыс жасайды. Басқа көптеген қызмет көрсету орындары 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Наразылыққа шыққандар полицияға тас лақтырып, оларға қарсы отшашу ұйымдастырды. Қақтығыс кезінде полиция көліктері мен фургондар өртенді. Тәртіпсіздік салдарынан Роттердамның орталық вокзалы, қалалық әкімдік, бірнеше метро станциясын жауып тастады. 20 қарашада қауіпсіздік күштерімен қақтығыс салдарынан бірнеше адамның жараланғаны хабарланған болатын. Екі адам атылған оқтан жарақат алды. Сенбі, 20 қарашада Венада COVID шектеулеріне қарсы іс-шаралар өтті. Австрия полициясының мәліметінше, митингке 35 мыңнан астам адам қатысты.