Шорт-тректен Денис Никиша жарысты 7-орынмен аяқтады
Шорт-тректен Денис Никиша жарысты 7-орынмен аяқтады
Сурет: olympic.kz
165
оқылды

Венгрияның Дебрецен қаласында өтіп жатқан шорт-тректен әлем кубогінде қазақстандық спортшылар әзірге жүлдеге іліккен жоқ, - деп хабарлайды Olympic.kz 

500 метрге жарысудан ең үздік нәтижені Денис Никиша тіркеді. Ол 7-ші орын иеленген. Осы қашықтықта Әділ Ғалиахметов 10-шы, Абзал Әжіғалиев 23-ші орын алды. 1500 метрге жарысуда Әділ Ғалиахметов 23-ші, Еркебұлан Шамұханов 25-ші орыннан көрінді. Командалық эстафетада Қазақстан 9-шы орынды қанағат тұтқан. Әйелдер арасында 500 метрге жүгіруден сынға түскен Яна Хан 41-ші, Алена Волковицкая 47-ші, Әсел Тайшыманова 50-ші орын алған. 1500 метрге жарысудан Ольга Тихонова 25-ші, Мадина Жанбосынова 38-ші орынға табан тіреді.