Блогер жол апатынан қайтыс боларының алдында желіде жазба жариялаған
Блогер жол апатынан қайтыс боларының алдында желіде жазба жариялаған
Сурет: АГН Москва
404
оқылды

Автокөлік блогері Саид Губденский Мәскеудегі Кутузовский даңғылында болған жол апатынан қайтыс боларының алдында өзінің Telegram-арнасында жазба жариялаған, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі.

Белгілі болғандай, блогер оқиға болардың алдында, сағат 13:35-те өзі жақында ғана сатып алған BWM M4 көлігінің фотосуретін жариялаған. Жазба жарияланған соң 1,5 сағаттан кейін әлеуметтік желілерде блогердің апатқа ұшырап, көз жұмғаны туралы алғашқы хабарламалар пайда болды. Блогер дәл осы шетелдік көлікпен келе жатқанда жол апатына ұшыраған. Губденский көлігін қайғылы оқиғадан 11 күн бұрын ғана сатып алып, оқырмандарына хабарлаған болатын. Сондай-ақ, ол сенбі күні түстен кейін Instagram желісіндегі сторисінде Мәскеуде Gelandewagen көлігімен жарысып, жол талғамайтын көліктің жүргізушісіне әдепсіз қимыл көрсеткені туралы видеосын жариялаған болатын. Бұған дейін ол өз жазылушыларына Мәскеу көшелерінде көлікті сағатына 150 шақырым жылдамдықпен қалай айдайтынын көрсеткен.
«Сенбі күні Мәскеудегі Кутузовский даңғылында екі көлік бетпе-бет соқтығысқан, артынша оларға қатты жылдамдықпен тағы бір көлік келіп соғылған. Сосын, тағы біреуі соқтығысқан. Жол апатына кінәлі болған BMW көлігінің тізгінінде автоблогер Губденский болған. Ол оқиға орнында көз жұмды. Ал оның жанындағы жолаушы ауруханаға жеткізілгенімен, көп ұзамай ол да қайтыс болды», - делінген ақпаратта.
Мәскеулік прокуратураның мәліметінше, Губденский бұған дейін де жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып, көлік құқығынан айырылған екен.