Шортандыдағы жарылыс: ауруханаға түскен бала көз жұмды
Шортандыдағы жарылыс: ауруханаға түскен бала көз жұмды
Сурет: depositphotos.com
185
оқылды

Ақмола облысы Шортанды ауылында газ баллонның жарылуынан зардап шеккен тағы бір бала қайтыс болды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға елордалық қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасы растады.

"Өкінішке қарай, Шортанды ауылындағы жарылыстан зардап шеккен 2009 жылғы бала 20 қараша күні кешке көз жұмды. Бала елорда ауруханасына өте ауыр хәлде жеткізілген еді. Пациент шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды. Жеткіншектің денесінің 70%-ін күйік шалған. Сондай-ақ өте ауыр дәрежедегі күйік шогы байқалды", - деп мәлімдеді басқарманың баспасөз қызметі.
Барлық емдеу шарасына қарамастан дәрігерлер баланы ажалдан арашалап қала алмады.
"Сенбі, 20 қарашада баланың жүрегі тоқтап қалды. Жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан оның жүрегі қайта соқпады. 21:00-де биологиялық өлім тіркелді", - деп нақтылады басқармадағылар.

Зардап шеккендердің жағдайы қалай

Тұрғын үйде газ баллонның жарылуынан тағы үш бала зардап шеккен еді. Қазір олар Нұр-Сұлтанның медициналық мекемелерінде жатыр.
"60% термиялық күйікпен түскен бір бала жансақтау бөлімінде хәл үстінде жатыр. Тағы екеуі өткен аптада бейінді бөлімге ауыстырылды. Олар дәрігерлердің бақылауында", - деп мәлімдеді басқарма.
Балалардың жағдайы тұрақты, нашарлау байқалмайды.

Шортандыдағы трагедия

Ақмола облысындағы Шортанды кентінде газ баллоны жарылып, үш адам қайтыс болды. Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 16 қарашада кешкі сағат 21:38-де Шортанды елді мекенінің Линейная көшесінде болған. Барақ үлгісінде салынған үйде газ жарылып, арты өртке ұласқан. Тілсіз жау 350 шаршы метрге шарпыған. Жарылыс болған пәтерден 3 адамның – бала мен екі жас әйелдің мәйіті табылды. Тағы он адам зардап шекті.