Әлемнің ең сұлу волейболшысы «Алтай» клубына келді
Әлемнің ең сұлу волейболшысы «Алтай» клубына келді
Фото: әлеуметтік желілерден
451
оқылды

Өскемендегі «Алтай» әйелдер волейбол командасы Доминикан елінің атақты волейболшысы Бетания Де Ла Круспен келісімшарт жасасты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

34 жастағы спортшы Доминикан Республикасы командасы сапында құрлықаралық жарыстарда бірнеше мәрте чемпион болып, жүлдегер атанған. Пуэрто-Рико, Жапония, Корея, Ресей, Италия және Түркия елдерінің клубтық командаларында ойнаған. [caption id="attachment_171980" align="alignnone" width="1080"] width= Фото: әлеуметтік желілерден[/caption] Бойы – 188 сантиметр, допты алу биіктігі – 330, қалқан қою биіктігі – 320. Бетания Де Ла Крус − 2015 жылғы клубтық әлем чемпионатының жеңімпазы, осы жылы өткен чемпиондар лигасының жеңімпазы, Доминикан Республикасы (2006), Жапония (2008), Пуэрто-Рико (2011), Оңтүстік Корея (2014) және Ресейде (2017, 2020) болған Әлем чемпионаттарының жеңімпазы. https://www.youtube.com/watch?v=OciOBHn8rEQ
Видео: «Алтай» волейбол клубының инстаграммдағы парақшасынан алынды.
Айта кетейік, Бетания әлемнің ең сұлу волейболшысы ретінде бірнеше мәрте әртүрлі рейтингтерге енген.

А.ӘБІЛ, Шығыс Қазақстан облысы