Өскемендегі «Алтай» әйелдер волейбол командасы Доминикан елінің атақты волейболшысы Бетания Де Ла Круспен келісімшарт жасасты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
34 жастағы спортшы Доминикан Республикасы командасы сапында құрлықаралық жарыстарда бірнеше мәрте чемпион болып, жүлдегер атанған. Пуэрто-Рико, Жапония, Корея, Ресей, Италия және Түркия елдерінің клубтық командаларында ойнаған. [caption id="attachment_171980" align="alignnone" width="1080"]Айта кетейік, Бетания әлемнің ең сұлу волейболшысы ретінде бірнеше мәрте әртүрлі рейтингтерге енген.Видео: «Алтай» волейбол клубының инстаграммдағы парақшасынан алынды.
А.ӘБІЛ, Шығыс Қазақстан облысы