Мәйітханада жеті сағат жатқан ер адам тіріліп кетті
Мәйітханада жеті сағат жатқан ер адам тіріліп кетті
Үндістанда ер адам мәйітханадағы мұздатқышта жеті сағат жатқанына қарамастан тірі қалған, деп жазады РИА Новости. Морадабад қаласында 40 жастағы Шрикеш Кумар жол апатына түскен. Дәрігерлер оның өлгенін айтып, денесін мәйітханаға жіберген. Жеті сағат бойы мәйітханада жатқан Кумардың тыныс алып жатқанын қалдыңдығы байқап қалған.
"Осыдан кейін ол өлгендер қатарына жатқызылған, бірақ таңертең полиция мен отбасы оның тірі екенін анықтады. Тергеу жүргізіліп жатыр. Енді біздің басты міндетіміз – оның өмірін сақтап қалу", - деді қаланың бас дәрігері Шив Сингх.
Қазір Кумар Мирут қаласындағы медицина орталығында емделіп жатыр, оның жағдайы жақсарды. Қалыңдығының айтуынша, науқас әлі есін жимаған.