Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Фото: halqym.kz
110
оқылды

Синоптиктердің болжауынша, бірқатар өңірде қар, жаңбыр жауып, көктайғақ болуы мүмкін.

Ақмола облысында бұрқасын соғып, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, солтүстікте және шығыста екпіні 23-28 м/с жетеді. Нұр-Сұлтанда түнде және күндіз күн бұлтты, кей жерлерде жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде бұрқасын соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Қарағанды ​​облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасындатады, көктайғақ, жел 15-20 күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді. Павлодар облысында батыста, облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Жамбыл облысында солтүстікте және таулы аймақтарда тұман түседі, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аймақтарда жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында күндіз солтүстікте, батыста жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, солтүстікте, облыстың батысында жел күшейеді – 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Ақтөбе облысында солтүстікте тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді – 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді. Қостанай облысында солтүстікте бұрқасындатып, көктайғақ болады, желдің күші – 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 25 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысында солтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, солтүстікте, солтүстік-батыста жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысында Алакөл маңында желдің күші – 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді. Алматыда ауа температурасы түнде -1-3 градус, күндіз 10-12 градус жылы болады. Түркістан облысында солтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте және таулы аймақтарда желдің күші 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысында солтүстікте тұман түседі, күндіз облыстың солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысында түнде солтүстікте көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысында жел 15-20 м/с күшейеді деп болжанып отыр.