Әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды
Әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды
175
оқылды

Америкалық боксшы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жұдырықтасуға ниетті екенін тағы да мәлімдеді.

Дегенмен, Андраде басқа да боксшылармен жекпе-жекке шығуға дайын, олар – Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) және Хайме Мунгия (38-0, 30 КО). 

Еске салайық, Деметриус Андраде WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Геннадий Головкин IBF және IBO, Джермалл Чарло – WBC белбеуінің иесі. Хайме Мунгияға келсек, ол әлем чемпионы емес.