Қазақстанда алдағы 2-3 күнде ауа райы қандай болады?
Қазақстанда алдағы 2-3 күнде ауа райы қандай болады?
Фото: yandex.kz
141
оқылды

«Қазгидромет» 23-25 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанда солтүстік-батыс циклонның әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын түседі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қар жауады. Барлық өңірде тұман, көктайғақ, сондай-ақ екпінді жел, солтүстік жартысында бұрқасын болуы мүмкін.

Батыс, солтүстік-батыс, солтүстікте ауа температурасының төмендеуі түнде 2-10-нан 18-23 градус аязға дейін, күндіз 5 градус аяздан -5-15-ға аязға дейін, орталықта және шығыста түнде 0-8 аяз, күндіз 3 аяз - 3 жылу, оңтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде -6 градус аяз, күндіз 9 градусқа дейін жылынуы мүмкін.