Нұрберген Шәріпов пен Қуат Хамитов жекпе-жек өткізеді
Нұрберген Шәріпов пен Қуат Хамитов жекпе-жек өткізеді
Фото: arasha.kz
275
оқылды

Naiman лақап атымен танымал қазақстандық файтер Қуат Хамитов 16 желтоқсан күні отандасы Нұрберген Шәріповпен жекпе-жек өткізетін болды. Бұл туралы спортшының өзі хабарлады.

«Ресми! Қуат Хамитов vs Нұрберген Шәріпов. 16 желтоқсанда MFC-2-де, грэпплингтен жекпе-жек», – деп жазды Қуат Хамитов Instagram-дағы парақшасында.