Бүгін ауа райына байланысты астанада оқушылар мектепке бармайды
Бүгін ауа райына байланысты астанада оқушылар мектепке бармайды
Фото: kaspyinfo.ru

Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы хабарлады.

«Бүгін ауа температурасының төмендеуіне байланысты екінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшіріледі» делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін алдағы екі-үш күнде боран соғып, аяз болатынын хабарлаған болатынбыз.