Жанармай құю бекетінде тұрған көлікті ұрлап кеткен үш ер адам ұсталды – видео
Жанармай құю бекетінде тұрған көлікті ұрлап кеткен үш ер адам ұсталды – видео
Фото: progorodsamara.ru

Полиция департаментінің мәліметінше, кеше Атырауда үш ер адам жанармай бекетінде тұрған көлікті айдап әкеткен.

«Атыраудағы Құрманғазы көшесінде орналасқан жанармай бекетінде тұрған «ВАЗ-21015» автокөлігі ұрланған. Бұл туралы полицияға 21 қараша күні сағат 08:00 шамасында 1978 жылғы азаматтан хабар түсті. «Сергек» камераларының көмегімен ұрланған көлік табылды. «Батыс-32» экипажы 1990, 1992 және 1992 жылы туған күдікті үш жігітті ұстап, Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізді», – деді полицейлер.

Тергеу жүргізіліп жатыр.