РФ Премьер-министрі Михаил Мишустин коронавирустың тарауына жол бермеудің бір амалы ретінде Қиыр Шығыстағы Ресей шекарасын жабу туралы бұйрыққа қол қойды, – деп хабарлайды ТАСС. «Бүгін тиісті бұйрыққа қол қойылды, ол заңды күшіне енді. Бүгін біз сәйкесінше барлығына Қиыр Шығыс аймағындағы шекараны жабуға қатысты шаралар туралы және үкімет қабылдаған басқа шаралар туралы (Ресей Федерациясының аумағында коронавирусты таратпау туралы) хабардар етеміз», – деді үкімет отырысын ашқан РФ Премьер-министрі.