Белгілі актер 4 жылға сотталуы мүмкін
Белгілі актер 4 жылға сотталуы мүмкін
© tureckiefilmy.ru
218
оқылды
Белгілі түрік актері Бурак Өзчивит төрт жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін, – деп хабарлайды «Хабар 24».  Оған түсірілім кезінде 4 адамға тіл тигізді деген айып тағылып отыр. Осыған байланысты бірнеше айдан бері тергеу жүргізіліп, куәгерлер тыңдалды. Түркия заңдарына сәйкес осыған ұқсас дауларды сот тарапынан тағайындалған медиатор арқылы шешуге мүмкіндік бар. Дегенмен қос тарап та бір-бірінің ұсынысын қабылдамаған. Нәтижесінде прокурор жағдайға қатысты «қорлау тізбегін» анықтап, актерді 3 ай 15 күннен 4 жыл 1 айға дейін бас бостандығынан айыратын жаза талап етіп отыр. Ал актер бұл айыптауларды жоққа шығарды.