Қаржы нарығында заңсыз қызметімен айналысқан компанияға жәбірленушілер қаражатты криптовалютамен салған, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
«Бұған дейін Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-тармағы бойынша жауапкершілікке тартылған Көкшетау қаласында тұратын 40 жастағы әйел қаржылық пирамида құрды деген күдікке ілінді. Жәбірленушілердің заңсыз қызмет еткен компанияға ақшаны криптовалютамен салғаны анықталды», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 217-бабының 1-тармағы «Қаржылық пирамиданы құру және басшылық ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.