Миды 11 жылға ерте қартайтатын сусын аталды
Миды 11 жылға ерте қартайтатын сусын аталды
Фото: don24.ru
247
оқылды
Бостон университетінің медицина ғалымдары қант мөлшері жоғары сусындардың миға өте зиянды әсері бар деген қорытындыға келді. Егер сіз бұл сусындарды күніне екі порциядан артық тұтынсаңыз, миыңыз 11 жылға ерте қартаяды. Бұл туралы британдық Daily Express басылымының мақаласында айтылған. Жаңа зерттеуде зерттеушілер 4200 адамнан тұратын топты бақылаған. Зерттеуге қатысушылардан олар тұтынатын қантты сусындардың мөлшері туралы ақпарат беруді сұраған және зерттеушілер бұл деректерді пайдалана отырып, мынадай қорытындыға келді:
  • Егер адам күніне бір немесе екі стақан қанты көп сусын ішсе, оның миы 1,6 жасқа қартаяды екен. Қартаю процесін есте сақтау функциясы тұрғысынан бағаласақ, нәтиже одан да қорқынышты болады.
  • Адам бір күнде екі стақаннан артық қанты көп сусын ішсе, бұл мидың сәйкесінше 5,8 және 11 жасқа қартаюына әкеледі.