Оралда көпір үстінде жеңіл көлік өртеніп кетті
Оралда көпір үстінде жеңіл көлік өртеніп кетті
Фото: mgorod.kz
289
оқылды
Оралда көпір үстінде автокөлік жанып кетті, деп жазады mgorod.kz. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 22 қараша күні сағат 17.32-де 3-саяжай ауданында болды. Көпір үстінде Nissan primera автокөлігі отқа оранды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде. Департамент мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері облыс бойынша 91 автокөлік өртенді. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі автокөліктің жүріп келе жатып жанғанын, одан 51 жастағы жүргізуші мен 36 жастағы жолаушының шығып үлгергенін жеткізді.