Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (14-0) UFC-дегі үшінші жекпе-жегін 2022 жылдың 5 ақпанында өткізеді. Ол өз Instagram-дағы парақшасында жекпе-жек өтетін күнді атады. Күтілгендей, қарсылас гайаналық Карлстон Харрис (17-4) болады. Рахмоновтың айтуынша, келісімшартқа қол қойылған. Өткізу орны әлі жарияланған жоқ. Соңғы кездесуін отандасымыз 27 маусымда өткізіп, бразилиялық Мишель Празересті сабмишн әдісімен жеңді.