Жоқ пәтерді сатқан алаяқ 6,8 миллион теңге алған
Жоқ пәтерді сатқан алаяқ 6,8 миллион теңге алған
Фото: azattyq-ruhy.kz

Рolisia.kz-тің жазуынша, алаяқ пәтер алмақ болған тұрғынның 6,8 миллион теңгесін алдап алып кетті.

Биыл 2 қарашада Жезқазған қаласының ПБ-на 33 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші пәтер сатып алуды жоспарлап, қолжетімді бағамен тұрғын үй ұсынған бір әйелмен келіскен. Өзара келісімнен кейін банк арқылы сатушыға 6 миллион 896 мың теңге аударған. Кейіннен сатып алған пәтері жалған болып шыққаны анықталды. Полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Жедел іздестіру нәтижесінде полицейлер 36 жастағы күдікті әйелді ұстады. Ол қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.