Жаңа жылдан бастап Қазақстанда қанша миллион адамның табысы көбейеді?
Жаңа жылдан бастап Қазақстанда қанша миллион адамның табысы көбейеді?
Фото: nur.kz
192
оқылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш мөлшері көбейеді.

Қазынадан зейнетақы мен жәрдемақы алатын 5,1 млн адамның кірісі өседі. Ең төменгі жалақы алатын 1,6 млн адамның табысы артады.
Үкімет халықтың тұрмысы төмендеп кетпеу үшін ең төменгі күнкөріс мөлшерін көбейтіп отыр. Ол былтыр екі рет, яғни 10%-ға ұлғайды. 2022 жылдан бастап ЕТК мөлшері 36 018 теңге, ал АЕК 3 063 теңге болады.

Бұған дейін Президент жалақы мөлшерін көбейту мәселесіне қатысты тапсырма берген болатын.