Сенатта ТүркПА-ның Бас хатшысымен кездесу болды
Сенатта ТүркПА-ның Бас хатшысымен кездесу болды
155
оқылды

Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының жаңадан тағайындалған Бас хатшысы Мехмет Сурейя Эрмен кездесті.

Тараптар Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Түркітілдес мемлекеттер ұйымы болып қайта аталуын және «Түркі әлемінің келешегі-2040» тұжырымдамалық құжатының қабылдануын құптады. Кездесу барысында парламентшілердің түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуді көздейтін Түркістан декларациясының негізгі тармақтарын іске асырудағы жұмысына қарқын беру қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ Қазақстанның ТүркПА-ны одан әрі жаңғырту жөніндегі ұсыныстарын мақұлдау, оған қоса Ассамблея хатшылығын нығайту, Ұйым регламентінің жұмысын жетілдіру, штаты мен бюджетін ұлғайтудың маңызды екені аталып өтілді. Сенат Төрағасының орынбасары қазақстандық парламентшілердің осы халықаралық ұйымының жұмысына қатысуының маңызды екеніне тоқталды.