Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі төртінші қарсыласы анықталды
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі төртінші қарсыласы анықталды
138
оқылды

Ultimate Fighting Championship қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың алдағы жекпе-жегіне қатысты ақпараттарды жария етті.

«Жако» UFC Vegas 44 турнирінде октагонға оралады! 5 желтоқсанда Жалғас Манель Капемен кездеседі», – деп жазды аталған ұйымның ресейлік парақшасы. Анголалық файтер Манель Капе UFC аясында 3 жекпе-жекке шығып, 1 мәрте жеңіп, 2 рет жеңілген. Кейінгі айқасын 7 тамызда Хьюстондағы (Техас, АҚШ) UFC 265 турнирінде өткізіп, ямайкалық Оде Осборнды бірінші раундта нокаутқа түсірген.

Жалғас Жұмағұловтың да UFC-де 1 жеңіс, 2 жеңілісі бар. 33 жастағы файтер кейінгі жекпе-жегін 10 шілдеде Лас-Вегастағы UFC 264 турнирінде өткізген. Сол кездесуде америкалық Джером Ривераны екінші раундта сабмишн әдісімен жеңген.