2022 жылдан бастап бірқкатр сала қызметкерлерінің жалақысы өседі, - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
"Үкімет бюджет саласы қызметкерлерінің жалақы деңгейін арттыру жөнінде дәйекті шаралар қабылдауда. Мәселен, 2020 жылдан бастап педагогтардың жалақысы кезең-кезеңімен артып, 2023 жылға қарай ол 2 есеге артады. 2021 жылы медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру басталды, нәтижесінде 4 жыл ішінде олардың жалақысы 2 есеге артады. 2022 жылдан бастап мұндай жоғарылау әсер етпеген санаттардың жалақысы ұлғаяды. Олар – мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық қызметкерлер және т.б., шамамен 588 мың адам. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүріп жатыр", - делінген хабарламада.Жалпы 1,2 миллионға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы өседі.