Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасы өкілеттігін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа берді

Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасы өкілеттігін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа берді

Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасы өкілеттігін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында хабарлады. 

"Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Төрағасы өкілеттігін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыруға шешім қабылдады. Партияны Президент басқару керек деп  есептейді.  Өкілеттікті тапсыру рәсімі партияның жарғысына сәйкес жүзеге асырылады", - деп жазды ол.