Премьер-министр Асқар Мамин «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты партияның сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы туралы есеп берді.
Оның айтуынша, биыл еліміздің денсаулық саласында 15 іс-шара орындалып, нәтижесінде дәрігерлердің орташа жалақысы 320 мың теңгеге дейін жеткен.«Дәрігерлердің орташа жалақысы 30%-ға өсіп, 320 мың теңгені құрады. Орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 20%-ға өсіп, 173 мың теңгені құрады», - деді Асқар Мамин.Сонымен қатар Үкімет басшысы медициналық мекемелердің қажетті құрал-жабдықтармен қамтылғанын да сөз етті.
«1010 медициналық жабдық бірліктері аудандық ауруханаларға, оның ішінде перзентханаларға сатып алынды. Әрбір өңірде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қажетті 2 айлық резерві қамтамасыз етілді, сондай-ақ медициналық жабдықпен жарақтану деңгейі ұлғайтылды», - деді Премьер-министр.