Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
141
оқылды
24 қарашада қар, бұрқасын, қатты жел мен тұманға байланысты бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды. Қазгидромет мәліметінше, күндіз Ақмола облысының оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, бұрқасындатады. Облыстың оңтүстігінде көктайғақ болжанып отыр. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады. Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтілуде. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде – тұман, бұрқасын. Өңірдің солтүстігін тұман басады. Жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болжанып отыр. Маңғыстау облысының батысы мен орталығында да тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтау қаласында түнде және таңертең – тұман. Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында күндіз жаңбыр, қар жауады, облыстың шығысында бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Атырау облысының батысында, солтүстігі мен орталығында тұман түседі, көктайғақ болады. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, солтүстік-батысында бұрқасындатады, көктайғақ. Түнде және таңертең өңірдің оңтүстігін тұман басады. Желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с дейін барады. Қарағанды қаласында күндіз көктайғақ болады.