Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі келесі  қарсыласы белгілі болды

Жалғас Жұмағұлов

Ultimate Fighting Championship қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың алдағы жекпе-жегіне қатысты ақпараттарды жариялады, – деп жазады Vesti.kz.

"UFC Vegas 44 турнирінде октагонға оралады! 5 желтоқсанда Жалғас Манель Капемен кездеседі", – деп жазды аталған ұйымның ресейлік парақшасы.

Анголалық спортшы Манель Капе UFC аясында 3 жекпе-жекке шығып, 1 мәрте жеңіп, 2 рет жеңілген. Кейінгі айқасын 7 тамызда Хьюстондағы (Техас, АҚШ) UFC 265 турнирінде өткізіп, ямайкалық Оде Осборнды бірінші раундта нокаутқа түсірген.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.