Боранда қалған екі шопан құтқарылды
Боранда қалған екі шопан құтқарылды
152
оқылды
ШҚО Ұлан ауданында боранда қалған екі шопан құтқарылды, – деп жазады inform.kz. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, екі шопан боранға қарамастан Тройницкое ауылының маңындағы қыстаққа атпен барған. Қайтып оралмақ болған олар өздігінен жете алмай, құтқарушыларды шақырды.
«Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері сол жерге жол талғамайтын «Трэкол» техникасымен келіп жетті. Құтқарушылар оларды жақын маңдағы ауылға дейін эвакуациялады. Шопандарға медициналық көмек қажет болмады» делінген ақпаратта.
Айта кетейік, құтқарушылар бұған дейін ауа райының нашарлайтыны мен бұрқасын болатыны туралы ескерткен болатын.