Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға үндеу жолдады. Қымбатты қала тұрғындары мен қонақтары, 24 қарашада 09 сағат 55 минутта теле-радио арналарды қамти отырып, электродабылдарын қосу арқылы Нұр-Сұлтан қаласының құлақтандыру жүйелеріне тексеру жүргізеді. Естеріңізге сала кетсек, төтенше жағдай орын алған кезде халықтың назарын аудару үшін электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол «Баршаңыздың назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар орын алған жағдайда әрекет ету туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін міндетті түрде қолжетімді ақпарат қабылдау құралдарын (теледидарлар, радиолар және т.б.) қосуы керек. Қымбатты қала тұрғындары мен қонақтары, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті қала тұрғындарын сабырлық сақтауға, үрейленбеуге шақырады.