Алматы облысында інісі ағасын балғамен ұрып өлтірген
Алматы облысында інісі ағасын балғамен ұрып өлтірген
Фото: Polisia.kz
204
оқылды

21 жастағы Жаркент тұрғыны компьютерін сындырған ағасын балғамен ұрып тастады. Ол кінәсін мойындады, – деп жазады Polisia.kz.

Полицейлердің мәліметінше, 21 қарашада Панфилов аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жеке үйлердің бірінен 30 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Бұл ретте жәбірленушінің інісі аудандық полицияға кісі өлтіргенін мойындады. 21 жастағы жігіт ата-анасымен және екі ағасымен бірге тұратынын айтты. Бір күн бұрын күзетші болып істейтін әкесі мен анасы кешке жұмысқа кеткен кезде, қонақтан мас болып келген ағасы, оны оятып алған. Екеуінің арасында жанжал туындап, ағасы оны жұмыссыз жүрсің деп айыптап, компьютерін сындырып тастаған. Ағасының ұйықтағанын күткен ол ашуланып, оның басынан тұрмыстық балғамен бірнеше рет ұрған. Соққы салдарынан ер адам қайтыс болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.