24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: mos.ru
101
оқылды

Солтүстік, солтүстік-батысында нөсер жаңбыр соңы қарға ұласады. Тек қана Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашын жаумайды.

Республиканың басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын, күшті жел болады. Батыста, орталықта тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы – 15-20, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. Қарағанды облысының солтүстік-батысында күндіз – көктайғақ, бұрқасын. Желдің жылдамдығы – 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі.
Ақмола облысының оңтүстігінде – көктайғақ, күндіз бұрқасын соғады. Жел қарқыны – 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде – көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с шамасында болады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Атырау, Маңғыстау облыстарының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі, күндіз Атырау облысының солтүстік-батысында желдің күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз Ақтөбе облысының шығысында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел қарқыны – 15-20 м/с. Қостанай облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ, облыстың шығысында жаяу бұрқасын болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жел екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, орталығында жаяу бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады. Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі. Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі, жел 15-20 м/с жетеді. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында жел қарқыны – 15-20 м/с.

Алматы облысының Алакөл ауданында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.